Қазақстандық боксшы IBF рейтингінде үздік «ондыққа» енді
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Рейтингте Қазақстан боксшыларының орындары келесі: екінші орта салмақта Әли Ахмедов алтыншы орынды сақтап қалды. Бірінші орында кубалық Уильям Скалл тұр, екінші орын бос, үшінші позицияда АҚШ боксшысы Калеб Плант есімі тұр.
Әлем чемпионы – мексикалық Сауль «Канело» Альварес. Чемпиондық белдікке Геннадий Головкин ие орта салмақта үздік «үштік» өзгерген: Эскива Фалькао (Бразилия) бірінші орын иеленсе, Майкл Зерафа (Австралия) екінші орынды сақтап қалған, ал мексикалық боксшы Хайме Мунгия үшінші орынға көтерілді. Тағы бір қазақстандық спортшы Мейірім Нұрсұлтанов 15-орыннан 8-орынға көтерілген. Сұлтан Зауырбек екінші жеңіл салмақ дәрежесінде 13-орынды сақтап қалды. Рейтинг кестесінің көшбасшысы – Тәжікстан боксшысы Шавкат Рахимов, одан кейін британдық Зельфа Баррет пен француз Самир Зиани есімдері тұр. Бұл салмақтағы чемпиондық атақ бос.