Жаңалықтар

«Дауыл тұрады»: бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

ашық дереккөзі

«Дауыл тұрады»: бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Астанада және Қазақстанның 11 облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды деп хабарлады turkystan.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. Астанада 20 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Абай облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с, күндіз 25 м/с күтіледі. Семейде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с жел соғады. Көкшетауда таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан жел соғады. Ақтөбеде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Өскеменде оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел болады. Жетісу облысының таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел күндіз облыстың солтүстік-шығысына ауысады. Қостанай облысында түнде оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с. Күндіз Қызылорда облысында, облыс орталығында оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. 20 қазанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Түнде батыста, күндіз оңтүстікте, шығыста, облыс орталығында шаңды дауыл күтіледі. Ақтауда түнде шаңды дауыл соғады. Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с жел болады. Павлодарда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с деп күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с. Петропавлда күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Түнде және таңертең оңтүстікте, Түркістан облысының таулы аймақтарында тұман күтіледі. Тау асуларында оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с.