Бекболат Тілеухан ағылшын тілінде Президент туралы мақала жазды

Бекболат Тілеухан ағылшын тілінде Президент туралы мақала жазды

Бекболат Тілеухан ағылшын тілінде Президент туралы мақала жазды
ашық дереккөзі
Орталық Азия жайындағы ағылшын тілді тұңғыш веб-сайтта Қазақстан және оның Президенті туралы мақала жарық көрді деп жазды turkystan.kz. Мақала авторы - Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері Бекболат Қанайұлы.
«The Times of Central Asia – Орталық Азия жайындағы ағылшын тілді тұңғыш веб-сайт. Осы басылымға шыққан мақалама назар салсаңыздар деген ниетте жариялап отырмын. Түркиядан Шыңжаңға дейінгі аралықты қамтыған бұл басылымның беделіне арқа сүйей отырып, айтпағым: дидары бұзылып, дүрбелең кешкен дүние көшінде ырғалған қазақ көшінің болашағы. Бірлік пен ынтымақты қару қылып, бір байрақтың астында, бір тұлғаның қасында топтасу ғана - елдігіміз бен егемендігімізді баянды қылатын дара соқпақ, жалғыз жол! Баршаға аян заңдылық болса да, тағы да еске салу артық болмас деп білгендіктен де жазылды» деп жазды жаңалығымен бөліскен автор әлеуметтік желідегі парақшасында.
Мақаланы мына сілтемеге өтіп, оқи аласыз.