Жаңалықтар

Араққа тойып алған депутат 2 адамды қағып кетті

ашық дереккөзі

Араққа тойып алған депутат 2 адамды қағып кетті

Оқиға Қырғыз Республикасының Токмок қаласында болған деп хабарлады turkystan.kz. Қалалық кеңестің мас депутаты жол талғамайтын көлікпен келе жатып, 2 адамды қағып кеткен. «19 қазан күні сағат 1:20-да Toyota land cruiser жүргізушісі Токмок қаласындағы Сарыбағышев көшесінде адамдарды қағып кетті» деп жазылған хабарламада. Зардап шеккен екі адамның бірі 1987 жылы туған полиция қызметкері болып шықты. Екіншісі - 1993 жылы туған жаяу жүргінші. Қазіргі уақытта екеуі де емханаға жатқызылған. Тәртіп сақшысының жағдайы өте ауыр. Мән-жайларды анықтау барысында рөлде шын мәнінде Токмок қалалық кеңесінің 1990 жылы туған депутаты отырғаны анықталды. Сондай-ақ ол көлік басқару кезінде мас болған.