Жаңалықтар

Павлодар облысында ер адам 12 жастағы баланы ұрған

ашық дереккөзі

Павлодар облысында ер адам 12 жастағы баланы ұрған

Павлодар облысының полицейлері жасөспірімді ұрып-соғу фактісін тексеріп жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Бүгін Instagram желісінде ер адам кәмелетке толмаған баланы ұрып-соғып, оны балағаттап жатқан видео жарияланды. – Полиция осы видео бойынша тексеру жүргізді. 8 қазан сағат 14:00 шамасында Тереңкөл ауданы Тілеубай ауылында 44 жастағы ер адам 12 жастағы баланы балағаттап, ұрып-соққаны анықталды. Іс бойынша сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Балада дене жарақаттары бар. Қорытынды бойынша, денсаулыққа жеңіл дәрежедегі зиян келтірілген. Осыған байланысты ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 73-1-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. 20 қазанда материал сотта қаралады, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Полицейлер бұл жағдайдың себебі жасөспірім мен ер адамның арасындағы келіспеушіліктен туғанын түсіндірді.