«БҰҰ-ның басты қағидалары бұзылды» – Қасым-Жомарт Тоқаев

«БҰҰ-ның басты қағидалары бұзылды» – Қасым-Жомарт Тоқаев

«БҰҰ-ның басты қағидалары бұзылды» – Қасым-Жомарт Тоқаев
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үшін қазіргі жағдайда тұрақтылық пен тыныштық маңызды екенін айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазір әлемде өте күрделі ахуал қалыптасып отырғанын білесіздер. Халықаралық қатынастар жүйесі зор сын-қатерге тап болды. Біріккен Ұлттар Ұйымының басты қағидалары бұзылды. Кейбір елдер бір-біріне оқ атып, халқының берекесін қашырды», - деді Президент.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев жұрт тұрақтылық пен тыныштықтың қаншалықты қымбат екенін түсіне бастағанына да тоқталды.
«Біз аумақтық тұтастығымыздың және тәуелсіздігіміздің қадірін білуге тиіспіз. Әрбір жан адал еңбек етіп, мемлекетімізді нығайтуға өз үлесін қосуы керек. Түптеп келгенде, тәуелсіздіктің баянды болуы әр азаматтың қолында екенін ұмытпайық!» - деді Мемлекет басшысы.