«Рухтастар Саses» диалог алаңы: Президент Үндеуінде айтылған үш басымдық талқыланды

«Рухтастар Саses» диалог алаңы: Президент Үндеуінде айтылған үш басымдық талқыланды

«Рухтастар Саses» диалог алаңы: Президент Үндеуінде айтылған үш басымдық талқыланды
ашық дереккөзі
Жастар – қоғамның өзгеруі мен дамуының қозғаушы күші. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Үндеуінде жастардың табысқа жетуінде маңызды рөл атқаратын үш басымдықты атап өтті. Бұл – отансүйгіштік, білімге ұмтылу және еңбекқорлық. Елордалық жастар «Жастар Рухы» Жастар қанаты ұйымдастырған «Рухтастар Cases» диалог алаңында осы тақырыпты талқылады. Кездесуде Қазақстандағы Синергия университетінің президенті Бауыржан Қасымбергебаев, «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев және ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Олжас Сүлейменов сөз сөйледі.  width= «Жастар Рухы» төрағасы Нұржан Жетпісбаев жастардың өз дағдыларын үнемі дамыту және жетілдіру қажеттігін атап өтті:
«Біздің қоғамда өз ісінің маманы атану мен еңбекқорлық ең жоғары орынға ие болуы керек. Біз сіздермен бірге жастар арасындағы осы қасиеттерді «трендке» айналдыруға тиіспіз. Бәрін сапалы жасауға тырысуымыз керек. Өйткені өз ісінің шеберлері қоғамда әрқашан сұранысқа ие болады», - деді ол.
 width= Қазақстандағы Синергия университетінің президенті Бауыржан Қасымбергебаев кездесу жайында өз пікірін білдірді:
«Бүгінгі кездесуде сұрақ-жауап немесе ұсыныс айту кезінде бастаманың жастар тарапынан басым болғанын айтқым келеді. Осындай шаралар жастарға әрі қарай жетілуіне, алға қадам басуына мықты ынта бермек. «Рухтастар Cases»-тің бүгінгі тақырыбы ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың соңғы Жолдауына арналды. Кәсіпкер ретінде жастарға берілетін 2,5 пайыздық кіші несиелердің жастарға бөлінуі мені қуантты. Бұл жастардың бизнес бастамаларын қолдап, жүзеге асуына үлкен жол болмақ. Осы бастама еліміздің экономикасының гүлденуіне зор пайдасын әкеледі деп сенемін»,- деп атап кетті.
 width= Олжас Сүлейменов жас азамат үшін білімді және жан-жақты дамудың маңыздылығын атап өтті:
 «XXI ғасыр жастары шенеуніктердің «креслосына» емес, жан-жақты дамуға, әлем тілдерін білуге ұмтылуы тиіс. Нағыз білімді азамат қана Отанымыздың гүлденуіне үлес қоспақ. Қазіргі уақыт – жастардың уақыты. Өз уақытын тиімді пайдаланып, пайдамен өткізген жас қана белгілі жетістікке жетпек», - деді.
Айта кету керек, «Рухтастар Cases» жастар сессиялары ел бойынша ұйымдастырылды.  width=