Жаңалықтар

«Рухтастар Саses» диалог алаңы: Президент Үндеуінде айтылған үш басымдық талқыланды

ашық дереккөзі

«Рухтастар Саses» диалог алаңы: Президент Үндеуінде айтылған үш басымдық талқыланды

Жастар – қоғамның өзгеруі мен дамуының қозғаушы күші. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Үндеуінде жастардың табысқа жетуінде маңызды рөл атқаратын үш басымдықты атап өтті. Бұл – отансүйгіштік, білімге ұмтылу және еңбекқорлық. Елордалық жастар «Жастар Рухы» Жастар қанаты ұйымдастырған «Рухтастар Cases» диалог алаңында осы тақырыпты талқылады. Кездесуде Қазақстандағы Синергия университетінің президенті Бауыржан Қасымбергебаев, «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев және ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Олжас Сүлейменов сөз сөйледі. Қазақстандағы Синергия университетінің президенті Бауыржан Қасымбергебаев кездесу жайында өз пікірін білдірді: «Бүгінгі кездесуде сұрақ-жауап немесе ұсыныс айту кезінде бастаманың жастар тарапынан басым болғанын айтқым келеді. Осындай шаралар жастарға әрі қарай жетілуіне, алға қадам басуына мықты ынта бермек. «Рухтастар Cases»-тің бүгінгі тақырыбы ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың соңғы Жолдауына арналды. Кәсіпкер ретінде жастарға берілетін 2,5 пайыздық кіші несиелердің жастарға бөлінуі мені қуантты. Бұл жастардың бизнес бастамаларын қолдап, жүзеге асуына үлкен жол болмақ. Осы бастама еліміздің экономикасының гүлденуіне зор пайдасын әкеледі деп сенемін»,- деп атап кетті.