Жаңалықтар

«Адал сайлау үшін» штабы сайлау заңнамасын түсіндіру бойынша кездесу өткізді

ашық дереккөзі

«Адал сайлау үшін» штабы сайлау заңнамасын түсіндіру бойынша кездесу өткізді

"Адал сайлау үшін" штабы Alikhan Bokeikhan University студенттерімен, магистранттарымен, докторанттарымен және профессорлық-оқытушылық құрамымен, заң кеңесшілерімен, адвокаттармен, нотариустармен, жеке сот орындаушыларымен, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен және азаматтық қоғамның басқа да өкілдерімен "Сайлауға қатысу – әркімнің азаматтық борышы" тақырыбында сайлау заңнамасын түсіндіру бойынша кездесу өткізді. Кездесудің модераторы заң ғылымдарының докторы, профессор Майгүл Матаева болды. Ол жаңа Қазақстанның сайлау заңнамасындағы өзгерістер туралы, осы оқиғаның әрбір қазақстандықтың өміріндегі маңыздылығы туралы айтты. Қатысқан студенттер мен ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамы сайлау туралы сұрақтарға үлкен қызығушылық танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Alikhan Bokeikhan University қабырғасында өткен "Адал сайлау үшін" Штабтың алғашқы ауқымды іс-шарасына университет басшылығы, профессорлар мен оқытушылар қолдау білдіріп,  штабтың түсіндіру жұмыстарының маңыздылығын атап өтіп, ризашылықтарын көрсетті.