Жаңалықтар

Бүгін - Рахымжан Отарбаевтың туған күні

ашық дереккөзі

Бүгін - Рахымжан Отарбаевтың туған күні

Еліміздің көр­нек­­ті қоғам қайраткері, жазу­шы-драматург, Қазақстан Респуб­ли­касының Еңбек сіңірген қайраткері Ра­хым­жан Қасымғалиұлы Отарбаев 1956 жылы 19 қазанда Аты­рау облысы, Құрманғазы ауданында дү­ние­ге келген. 1977 жылы Орал педагогика институтын бітірген талантты жазушы әр жылдарда «Орал өңірі» газетінде тілші, «Ленин жолы» газетінде радиотілші еңбек етіп, шығармашылық жолын бастады. Қазақ телерадио комитетінде редактор, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жалын» альманағында бөлім меңгерушісі болды. Маңғыстау облыстық радиотелевидение компаниясының төрағасы, Атырау облыстық драма театрының директоры, ҚР Президенті Әкімшілігінде сектор меңгерушісі қызметтерін атқарды. «Түнгі от», «Шер», «Жұлдыздар құлаған жер», «Жайық жыры», «Қараша қаздар қайтқанда», «Дауысыңды естідім», «Шыңғысханның көз жасы», «Біздің ауылдың амазонкалары», «Отверженный мир» атты прозалық жинақтары және таңдамалы шығармаларының 2 томдығы жарық көрді. «Бейбарыс сұлтан», «Бас», «Нашақор жайлы новелла», «Нұржауған-ғұмыр», «Сырым батыр», «Мұстафа Шоқай» сынды пьесалары республикалық және шетел театрларында сахналанды. Өмірінің соңғы жылдарында «Ақ Жайық kz» әдеби, қоғамдық-саяси журналын ашып, редакторлық жасады. Қа­зақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» орденімен марапатталған. Қазақ әдебиетінен өзіндік орнын алған Рахымжан Отарбаев 2017 жылы 17 ақпанда өмірден озды.