Жаңалықтар

Халықтық коалиция ұйымдастыру комитетінің жиынында алдағы сайлау науқанының мәселелері талқыланды

ашық дереккөзі

Халықтық коалиция ұйымдастыру комитетінің жиынында алдағы сайлау науқанының мәселелері талқыланды

Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалициясы ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті. Жиын барысында алдағы сайлау науқанына дайындықты ұйымдастыру мәселелері қаралды деп хабарлады Халықтық коалициясының баспасөз қызметі. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалицияға тағы 15 қоғамдық ұйым қосылды. Олардың қатарында ҚР Кәсіподақтар федерациясы, Қазақстан Жазушылар одағы, «SERPIN» Ұлттық білім және инновациялар палатасы, «Bolashaq» қауымдастығы, Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы, Қазақстанның мүгедектер ұйымдарының одағы, «Адам құқықтары хартиясы» қоғамдық қоры бар. «Bolashaq» қауымдастығының мүшелері де Халықтық коалицияға кіретіндерін мәлімдеді. «Біз ішкі және сыртқы саясатымыздың тұрақтылығы мен сабақтастығын көрсетуіміз керек», - деді Қауымдастықтың атқарушы директоры Әлішер Дүнгенин. «Мен 30 жылдан астам уақыттан бері адам құқықтарын қорғаумен айналысып келемін. Біз көпшілікке адам құқықтарын қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығын бірлесіп түсіндіру үшін коалицияға қосыламыз», - деді «Адам құқықтары хартиясы» қоғамдық қорының басшысы Жеміс Тұрмағамбетова. Цифрлық трансформация қауымдастығының өкілі Сергей Остапюктың пікірінше, бүгінде Қазақстанда IT нарық қарқынды дамып келеді. «Осыны ескере отырып, біздің Қауымдастық бүгін Халықтық коалицияға кіреді», - деді ол.