Қазіргі гейшалар қалай өмір сүреді?

Қазіргі гейшалар қалай өмір сүреді?

Қазіргі гейшалар қалай өмір сүреді?
ашық дереккөзі
Адамдар Жапон гейшалары туралы естігенімен, шындығында оның кім екенін біле бермейді. Оларды бірі жеңіл мінезді қыздар десе, бірі  білімді, сыпайы адамдар деп санайды. Қазіргі гейшалар қалай өмір сүретінін зерттеп көрдік. Қонақтардың көңілін көтеруді білетін әдепті қыздар самурайлар кезінде пайда болды. Бұл жұмысты ер адамдар да істеді. Уақыт өте келе бұл кедей отбасынан шыққан 5-9 жастағы гейша қыздар айналысатын қалыпты дәстүрге айналды. Гейша –  қонақтарды жапондық биімен, ән айтумен, шай құю рәсімімен, кез келген тақырыпта әңгімелесумен қызықтыратын адам.  width= Қазіргі Жапонияда, тіпті Киотода да гейшалар аз. Егер 1920 жылдары бүкіл елде 80 мыңнан астам гейша болса, 2018 жылы олардың саны мыңнан аспайды, Токио мен Киотода шамамен үш жүз. Ал өмір сүру жағдайлары ХХ ғасырдың басымен салыстырғанда айтарлықтай жақсарған.  width= Көп адам білмеуі мүмкін. Алғашқы гейшалар ер адамдар болған. Олар «тайкомоти» деп аталды. Жапон тілінен аударғанда, «барабан тасушы» немесе «әзілқой» деп аударылады. Яғни, олар музыканттар, актерлер немесе шай құю рәсімін өткізуші рөлінде қызмет атқарды. Қонақтарға әзіл айтып, көңілдерін көтерген. [caption id="attachment_200796" align="alignnone" width="479"] width= фото: Marc De Clercq Collection[/caption] Көп жылдар бойы жапон әйелдері нағыз гейша болғанға дейін «майко» деп аталды. Майко ежелгі дәстүрлерді құрметтеуді және қазіргі заманнан бас тартуды үйренуі керек. Оларға гейша болу үшін 5 жылдық арнайы мектепті бітіру міндеттелді. Ол «окия» деп аталады. Онда күнделікті әдепті болу, музыкалық аспаптарда ойнау, ән айту және билеу, боянуды үйретеді. Қыздарға компьютер, тіпті ұялы телефон пайдалануға тыйым салынады. [caption id="attachment_200797" align="alignnone" width="527"]Окия Окия[/caption] Окияға қыздарды 16-17 жастан бастап қабылдайды және ата-анасының рұқсаты болуы керек. Окия әрі гейшалар тұратын үй болып саналады. 20-21 жасқа толған майконы ұстазы толығымен дайын деп санаса, гейша мәртебесін береді. Рәсім кимоно жағасын ауыстыру түрінде өтеді. Кимоно – негізгі киімі. Ол - көйлек емес, денеге белгілі бір жолмен оралған және бірнеше белдіктермен бекітілген матаның бір бөлігі. Жиындарға жібек матадан тігілген түрлі-түсті кимоно киеді. Хомонги, цукэсагэкомон, иромудзи немесе хикидзури деген түрлері бар.  width=  width= Окобо – аяқ киімі. Окобо ағаш платформадан жасалған аяқ киім. Онымен жүру өте қиын. Себебі барлық күш аяқтың ұшына емес, өкшеге түседі. Биіктігі 7-13 см. Ежелгі уақытта олар лакпен боялған және әр түрлі етіп безендірілген. Аяқтарына тек окобо киетіндіктен, жүрістері де өзгеше болады. Әдемі болу үшін, аяқ киімдеріне шырылдайтын қоңыраулар таққан. окобо Симада – жапондық қыздардың шашты әртүрлі буып жүру үлгісі. Қазір симаданың ішіндегі «гейко-симада» - гейшалардың негізгі шаш үлгісі. Гейшалардың ыңғайлы және стандартты шаш үлгісі цубуси-симада деп аталады. Шаштарын арнайы шеберлер жасай. Күрделі шаш үлгісін аптасына бір рет істейді. Оны құртып алмау үшін кейде бас қоятын ағаш тіреуіштерімен ұйықтайды. [caption id="attachment_200777" align="alignnone" width="306"]Цубуси-симада Цубуси-симада[/caption] Гейшалар бұрынғыдай қиын шаш үлгісімен жүруден бас тартқан.  Орнына жасанды шашты пайдаланады. Өзін ретке келтіру үшін күн сайын шамамен 4 сағат жұмсайды. Кандзаси - шашқа тағатын әшекей. Гейша тасбақа қабығынан, қымбат металдардан және асыл тастардан жасалған қымбат кандзаси қолданады. Бірақ аз тағады. [caption id="attachment_200782" align="alignnone" width="496"]Кандзаси Кандзаси[/caption]  width=  width=  width=  width= Ерекшелену үшін бет, мойын, иық және арқасын ақ гриммен, ал еріндерін ашық қызыл, көздерін қара түспен бояйды.  width=  width= Гейшалар көрсеткен кызметтері үшін 50-800 доллар аралығында табыс табады. Окасан (жапон тілінде «ана») - дәстүрлі биді үйрететін адам.  width= Майко шайханаға келушілермен әңгімелесуде.  width=