Жаңалықтар

Қазіргі гейшалар қалай өмір сүреді?

ашық дереккөзі

Қазіргі гейшалар қалай өмір сүреді?

Адамдар Жапон гейшалары туралы естігенімен, шындығында оның кім екенін біле бермейді. Оларды бірі жеңіл мінезді қыздар десе, бірі  білімді, сыпайы адамдар деп санайды. Қазіргі гейшалар қалай өмір сүретінін зерттеп көрдік. Қонақтардың көңілін көтеруді білетін әдепті қыздар самурайлар кезінде пайда болды. Бұл жұмысты ер адамдар да істеді. Уақыт өте келе бұл кедей отбасынан шыққан 5-9 жастағы гейша қыздар айналысатын қалыпты дәстүрге айналды. Гейша –  қонақтарды жапондық биімен, ән айтумен, шай құю рәсімімен, кез келген тақырыпта әңгімелесумен қызықтыратын адам. Көп адам білмеуі мүмкін. Алғашқы гейшалар ер адамдар болған. Олар «тайкомоти» деп аталды. Жапон тілінен аударғанда, «барабан тасушы» немесе «әзілқой» деп аударылады. Яғни, олар музыканттар, актерлер немесе шай құю рәсімін өткізуші рөлінде қызмет атқарды. Қонақтарға әзіл айтып, көңілдерін көтерген. [caption id="attachment_200796" align="alignnone" width="479"] Майко шайханаға келушілермен әңгімелесуде.