Қарақат Әбден президенттікке кандидат ретінде ресми тіркелді

Қарақат Әбден президенттікке кандидат ретінде ресми тіркелді

Қарақат Әбден президенттікке кандидат ретінде ресми тіркелді
ашық дереккөзі
Қазақстанда 20 қарашада кезектен тыс өтетін Президент сайлауы өтеді. Орталық сайлау комиссиясы Қарақат Әбденді кандидат ретінде ресми тіркеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Қарақат Әбденнің кандидатурасы Орталық сайлау комиссиясының 11 қазандағы қаулысы негізінде заң талаптарына сәйкес келеді. Үміткерге азаматтардың қолын жинау үшін қол қою парағы берілді. Аумақтық сайлау комиссияларының хаттамасына сәйкес, ҚР Президенттігіне кандидатты қолдаған еліміздің 15 өңірінен 121 314 азаматтың қолы жиналды. Оның ішінде 120 158 қол тексеріліп, 118 418-і сенімді деп танылды», – деді орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов.
Іnform.kz-тің дерегінше, ОСК мүшелері үміткердің кандидатурасын қабылдау туралы қаулыны дауысқа салып, бірауыздан шешім қабылдады.
«Орталық сайлау комиссиясы 2020 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс Президент сайлауына Қарақат Жақсылыққызы Әбденді кандидат ретінде тіркеді», – деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Отырыс соңында ОСК төрағасы үміткерге кандидат куәлігін табыстады.