«Жеңге» сөзінің шығу тегін білесіз бе?
«Жеңге» сөзінің шығу тегін білесіз бе?
Әлібек Нұрмағамбетовтың «Бес жүз бес сөз» (сөз төркіні) деп аталатын 1994 жылы жарық көрген кітабында «Жеңге» сөзінің түпкі мәні, оның шығу тегі жайында дерек берілген. Аталған деректі сіздерге ұсынып отырмыз.
Қазіргі түсінігімізде – ағаның не жасы үлкен туыстардың әйелі. «Шүкіман бір жақын жеңгесінің үйіне кетті» (М. Әуезов, Абай).
«Жеңге» сөзінің қандай жолмен пайда болғандығы жөнінде бізден бұрын да пікір айтушы автор бар екенін көрсете кетуді борыш санадық. 1895 жылғы бір мақаласында П. Ерусланов шығыс черемис татарларының тілдеріндегі кейбір сөздерге талдау жасау үстінде сол тілдегі «енгга» (бізше-жеңге) сөзінің төркініне тоқталады.
Тағы оқыңыз: «Абысын» сөзінің шығу тегі қандай?
Оның ойынша, көрсетілген сөз екі түбірден құралған, біріншісі – енг («бөтси» мағынасында), екіншісі ака («апа» мағынасында) (П. Ерусланов. ЭО 1895, №2. кн. XXV, 45). Бұл болжамның шындыққа сәйкестігін біз де құптаймыз. Өйткені қазақ тілінде де «бөтен», «бөгде». сөздерін «өнге» тұлғасымен ауыстырып айтатыны белгілі. Ал «апа» сөзін «ака» деп айтушылық басқа түркі тілдерінде ұшыраса береді. Сөйтіп, түркі тілдерінде ертеде қалыптасқан «енг ака» тіркесі біріге келіп, черемпе тілінде «енгга» болып қалыптасса, қазақ тілінің өзіне тәп заңдылықтарына сәйкестене келіп, «жеңге» сөзіне дейін өзгерген. Бұл жерде біріккен сөздерде дыбыстардың түсіп қалу, бірімен-бірінің алмасу заңдылықтарын айтып жату артық. Олар жөнінде жол-жөнекей талай ескертілген болатын. Өзгеру үлгісі былай анг+ака>енгка>енгга>женга>женге>жеңге.