40 миллион табу үшін қалай жұмыс істеу керек?

40 миллион табу үшін қалай жұмыс істеу керек?

40 миллион табу үшін қалай жұмыс істеу керек?
ашық дереккөзі
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев «Это футбол, брат!» YouTube арнасында қонақ болып, жалақысының қанша екенін айтты деп хабарлады turkystan.kz vesti.kz сайтына сілтеме жасап. «Магомед Мұсаұлы, Юранға («Химки») жұмысынан кеткені үшін 40 миллион (рубль) ақша берді. Сізге Қазақстан құрамасында 40 миллион табу үшін қанша уақыт және қалай жұмыс істеу керек?» деген журналистің сұрағына бас бапкер нақты жауап берді.
«Өте көп. Қазір мен келісімшартты жаңадан жазамын. Сол кезде азырақ жұмыс істеу керек болатын шығар», - деді ол.
Айта кетейік, Адиевтің бастамасымен Қазақстан құрамасы тарихи нәтижеге қол жеткізіп, Ұлттар лигасында С дивизионынан В дивизионына шықты.