Абай облысында 8 жасар қызды көлік қағып, мерт қылды

Абай облысында 8 жасар қызды көлік қағып, мерт қылды

Абай облысында 8 жасар қызды көлік қағып, мерт қылды
ашық дереккөзі
Абай облысында 8 жасар қызды көлік қағып кетті деп хабарлады turkystan.kz Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап. 18 қазан күні, сағат 18:33-те LADA маркалы автокөліктің 22 жастағы жүргізушісі 2015 жылы туған кәмелет жасына толмаған қызды қағып кетті. Қыз бала алған дене жарақаттарынан оқиға орнында мерт болды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүру ережелерін бұзуы).
«ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеп-тексеру барысы туралы өзге мәліметтер жария етуге жатпайды», - делінген Абай облысы Полиция департаментінің мәліметінде.