Ескі үйлердің орнынан 20 шақты адамның бас сүйегі табылды (ВИДЕО)

Ескі үйлердің орнынан 20 шақты адамның бас сүйегі табылды (ВИДЕО)

Ескі үйлердің орнынан 20 шақты адамның бас сүйегі табылды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Орал қаласының орталығындағы ескі үйлердің орнынан 20-ға жуық адамның бас сүйегі мен сүйек-қаңқалары табылды деп хабарлады turkystan.kz Уральская неделя сайтына сілтеме жасап. Полиция істі қазан айынан бері тергеп жатыр. Тергеу-жедел тобы мен полиция қызметкерлері көрсетілген жерге барып, табылған адам сүйектерін  тәркілеген. Видеоны түсірген адам Пугачева көшесіндегі ескі үйлерді бұзу кезінде экскаватордың жиырма шақты бас сүйек пен сүйектерді қазып алғанын айтады. Қоқыс орнында тағы бірнеше адамның, ал шатырда тағы бір адамның қалдықтары табылған. Полицейлер «Зенит» телеорталығының маңында тұратын тағы бір куәгер В. Целиковты анықтаған. Оның айтуынша, 17 қазанда ол пайдаланылған құрылыс материалын жинау үшін жүк көліктері түсіретін жерге келіп, адам қалдықтарын тауып алып, жинаған. Полицейлер Целиковтен 11 бас сүйек пен 323 сүйек тәркілеген. Қылмыстық істі қарау нәтижесі бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады. Полицейлердің айтуынша, сүйек қалдықтарының жасы 60-тан асқан болса, іс тоқтатылады. (