Жаңалықтар

Павлодарда ер адам биіктен құлап мерт болды

ашық дереккөзі

Павлодарда ер адам биіктен құлап мерт болды

18 қазанда сағат 14:37-де Павлодар полициясына Назарбаев даңғылы, 89/2 үйдің ауласында жоғарыдан құлаған ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап. Марқұм 33 жаста болған. "Аталған мекен жайға жедел-тергеу тобы аттанды. Ер адамның жеке басы анықталды, ол облыс орталығының 33 жастағы тұрғыны болып шықты. Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 105-бабының 3-бөлігі - "Суицидке жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Сараптамалар тағайындалды.