Сәтбаев қаласында атыс болды (ВИДЕО)

Сәтбаев қаласында атыс болды (ВИДЕО)

Сәтбаев қаласында атыс болды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында көшеде ер адамды атып кетті деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап. Оқиға бүгін талтүсте Сәтбаев қаласының орталығында орналасқан "Ulytau mall" сауда үйінің алдында болды. Бір адам ауруханаға жеткізілді.
"Жарақат алған 1998 жылы туған азамат Жезқазған қаласындағы облыстық көпбейінді аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Атылған оқтан оң жақ жамбасына және жыныс мүшелеріне зақым келген. Сонымен қатар арқа тұсы мен екі жауырын аралығына пышақ жарақаты салынған. Хирургтер көмек көрсетіп жатыр", –  деп мәлім етті Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасынан.
Әзірге оқиғаның мән-жайы белгісіз. Тәртіп сақшылары тергеу амалдарына кірісті.
"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", – деп хабарлады Ұлытау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.