Тұғырда тулаған ту: түрік пен қазақ қыздарына не жетпей қалды?

Тұғырда тулаған ту: түрік пен қазақ қыздарына не жетпей қалды?

Тұғырда тулаған ту: түрік пен қазақ қыздарына не жетпей қалды?
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде қыздар арасында Анталияда өткен қол күрес сайысының жеңімпаздарын марапаттау сәтінде ыңғайсыз жағдай болды деп жазды turkystan.kz. 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде армрестлингтен әлем чемпионатының қола және күміс жүлдесі қос қазақ қызына бұйырды. Жеңіс тұғырының екі шетіне жайғасқан олар Қазақстанның туын кере тартып, екі жағынан ұстап тұрды. Осы сәтте алтын алқа иегері Чаглаян Деря Джерен Түркияның қызыл туымен көк туды көлегейлеп тастады. Түрік қызының қыр көрсеткен қылығына қарап тұра алмаған Диана Тюкова мен Дана Асанова да қарсылық байқатып көрді. Бірақ мұның сәтсіз екенін түсінген олар туды сайыс жеңімпазының арқасынан асырып, биікке көтеруді жөн көрген екен. Осы сәт түсірілген видео интернетте қызу талқыға түскен. Әлеуметтік желі қолданушылары қазақ қыздарына тағы бір ту жетпей қалғанына қапалы. Ал енді бірі түрік қызының қыңырлығына ызалы.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Спорт Шрёдингера (@sportilinet)