Қостанайлық балықшылар көл бетінде төбелес шығарды (ВИДЕО)

18 қазан, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Қостанайлық балықшылар көл бетінде төбелес шығарды (ВИДЕО) Қостанайлық балықшылар Солдатское көлінің айдынында жанжалдасып қалды деп хабарлады turkystan.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. Осыдан бірнеше күн бұрын көл бетінде қайықпен жүзіп келе жатып, жанжалдасқан жандардың видеосы интернетте жариялана бастады. Ал бүгін қостанайлық БАҚ-та қайықтағы қақтығыстың балықшылар мен көлге иелік етушілер арасындағы болғаны жазылды. Бірақ бұл жайлы ресми органдар пікір білдірген жоқ. Видеодан ересек адамдардың қайық үстінде бір-бірін ескекпен сабап, жаға жыртысқандарын анық байқауға болады.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Наша Газета|Новости| Kostanay (@ng.kz_)