Павлодар облысының антикор басшысы ауысты

Павлодар облысының антикор басшысы ауысты

Павлодар облысының антикор басшысы ауысты
ашық дереккөзі
Дархан Құрақбаев Павлодар облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне басшы болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.  Департаменттің жаңа басшысын облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов аппарат кеңесінде таныстырды. 
«Дархан Ғалымтайұлы 1983 жылы туған, жоғары білімі бар. 2004 жылы қаржы полициясы академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдарда 18 жылдан астам еңбек етіп келеді», – деп атап өтті өңір басшысы. 
Тағайындалғанға дейін Дархан Құрақбаев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арнайы бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.