Жаңалықтар

Елімізде 6,5 мыңнан астам қандас квота арқылы ЖОО-да білім алып жатыр

ашық дереккөзі

Елімізде 6,5 мыңнан астам қандас квота арқылы ЖОО-да білім алып жатыр

Мемлекет тарапынан шетелден келетін қазақ балаларына Қазақстанның ЖОО тегін білім алуы үшін 4 пайыз квота белгіленген. Жыл сайын 3 мыңнан астам қандас жастарымыз оқу мүмкіндігіне ие. Қазіргі таңда осы квотамен Қазақстанда білім алып жатқан 6,5 мыңнан астам қандасымыз бар, оның ішінде, КАЗГЮУ университетінде де этникалық қазақтар білім алады. Бүгін М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті мен «Отандастар Қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Екіжақты кездесуге университет басшылығы Талғат Нәрікбаев пен «Отандастар Қоры» президенті Абзал Сапарбекұлы қатысты. Кездесу барысында «Отандастар Қоры» ұйымының президенті Абзал Сапарбекұлы ұйымның қызметімен таныстырып, жалпы шетелдегі этникалық қазақтардың жағдайына қысқаша тоқталды. «Жалпы, сыртта 6 миллионнан астам этникалық қазақтар тұрып жатыр. Олардың басым көпшілігі өзімізге көршілес аймақтарда тұрады», - деді Абзал Сапарбекұлы.