Таразда Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойы атап өтіледі

Таразда Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойы атап өтіледі

Таразда Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойы атап өтіледі
ашық дереккөзі
20 қазан күні  халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына орай, облыс көлемінде іс-шаралар кешені өткізіледі деп хабарлады turkystan.kz. Іс-шара Тараз қаласындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты «Студенттер үйінің» алдында ескерткіштің ашылу салтанатымен басталады. Ескерткіштің ашылу салтанатынан кейін «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешеніндегі Көрме павильонында «Шерхантаным: қазіргі қазақ әдебиеті мен қазақ баспасөзінің даму тенденциялары» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді. Аталған конференция Мәжіліс депутаты, жазушы-журналист – Мейрамбек Төлепбергеннің модераторлығымен жүзеге асады. Мерейтой сағат 14:00-де Жуалы ауданы Талапты ауылындағы Шерхан Мұртазаның әдеби-мемориалды үйінің (өзі тұрған үйі) ашылу салтанатымен жалғасын табады. Сондай-ақ, «Шыңның жүзі - Шераға» республикалық ақындар мүшәйрасының және «Ақиқаттың ақ туы» республикалық қаламгерлер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі ұйымдастырылады. Іс-шаралар легі ақындар айтысымен, облыс өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен қорытындыланады. Мемлекет және қоғам қайраткері, халық жазушысы Ш.Мұртазаның 90 жылдық мерейтойын атап өтуге негізделген іс-шараларға шақырылған құрметті қонақтар қатарында ақын, жазушы, Қазақстанның Еңбек ері Мұхтар Шаханов, мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, доктор, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі М. Құл-Мұхамед, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы, жазушы, қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин сынды белгілі тұлғалар бар.