Жол ережесі енді арнайы пән ретінде оқытылады
Жол ережесі енді арнайы пән ретінде оқытылады
Биыл елдегі жолдарда 10 мыңнан астам апат болды. Салдарынан 1700-ден аса адам көз жұмып, 13 мыңдайы жарақаттанды деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Қайғылы жағдайдың 95 пайызы - жүргізушілердің кінәсінен. Көлікті мас күйде басқарғаны үшін 18 мыңнан астам жүргізуші ұсталды. Ал жолдағы әрбір төртінші апат жылдамдықты сақтамаудан болады. Жазатайым оқиғадан опат болатындар мен жарақат алатындардың төрттен бірі - жаяу жүргіншілер. Көлік қағып, мерт қылған немесе жарақаттанған балалар көп. Енді Ішкі істер министрлігі жол тәртібін мектепте түсіндірмек. Ережелер туралы арнайы пән болады.