Жаңалықтар

Павлодарда балабақша тәрбиешісі баланы ұрып-соққан

ашық дереккөзі

Павлодарда балабақша тәрбиешісі баланы ұрып-соққан

Павлодарда балаларға дөрекілік танытқан балабақша тәрбиешісі жұмыстан шеттетілді. Аталған факті бойынша полиция бөлімінде әкімшілік іс қозғалды деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. Облыстық Білім беру басқармасының мәліметінше, 13 қазан күні Павлодар қаласындағы №52 арнайы балабақшаның әкімшілігіне «Балдырған» тобының 2017 жылы туған тәрбиеленушісінің анасы тәрбиешінің балаға деген дөрекі қарым-қатынасы туралы шағым түсірген. «Баланың анасы сәбидің кеудесінде және арқасында тырналған іздер бар фотосуреттерді ұсынды. Бейнекамерадан түсірілген жазбаларды қарау кезінде тәрбиешінің балаларға шынымен дөрекілік танытқанын көрсетті», - деді басқармада. Бүгінгі таңда педагогтер ауыстырылды. Тергеу аяқталғанға дейін тәрбиеші жұмыстан шеттетілді. «13 қазан күні «Балдырған» тобының ата-анасы бақылау камераларын көріп отырғанда бағдарлама істен шыққан, яғни басқа күндердегі жазбаларды көру мүмкін болмады. Бейнебақылау жүйесіне қызмет көрсететін ұйым 15-16 қазан аралығында ақауларды жойды.  Бұл орындалған жұмыс актілерімен расталады. Мәселе басқарма мен білім бөлімінің бақылауына алынған. Қосымша түсініктемелер әкімшілік іс аяқталған соң беріледі», - дейді басқармада. Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің балалардың қауіпсіздігін  тиісті деңгейде қамтамасыз етпегені үшін балабақша меңгерушісінің міндетін атқарушыға ескерту түріндегі тәртіптік шара қолданылды.