Жаңалықтар

Семейде «Сайлауға қатысу – әркімнің азаматтық борышы» тақырыбында кездесу өтеді

ашық дереккөзі

Семейде «Сайлауға қатысу – әркімнің азаматтық борышы» тақырыбында кездесу өтеді

«Адал сайлау үшін» штабы миссиясының шеңберінде  19 қазанда Alikhan Bokeikhan University сайлау заңнамасын түсіндіру бойынша «Сайлауға қатысу - әркімнің азаматтық борышы» тақырыбында кездесу өтеді. Шараға университет студенттері, профессорлар-оқытушылар құрамы, заң консультанттары, адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері және т.б. қатысады. Айта кетсек, 27 қыркүйекте еліміздің заңгерлер қауымдастығын біріктіру мақсатында «Қазақстан заңгерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің базасында «Адал сайлау үшін» штабы құрылған болатын. Мақсаты – сайлау заңнамасының негізгі ережелерін түсіндіру, сайлау процесіне қатысушыларға құқықтық көмек көрсету, азаматтық қоғам, халықаралық ұйымдар өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау. Кездесу Alikhan bokeikhan University әкімшілік корпусында, 3-қабатта орналасқан акт залында өтеді.