Абай облысында бір отбасы ыстан уланып қалды

Абай облысында бір отбасы ыстан уланып қалды

Абай облысында бір отбасы ыстан уланып қалды
ашық дереккөзі
Абай облысы Бородулиха ауданында бір әйел бес баласымен бірге көміртегі иісіне уланып, аудандық аурухаға жеткізілді деп хабарлады turkystan.kz Semeynews.kz сайтына сілтеме жасап. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16 қазан күні сағат 23:40-та Бородулиха ауданының орталық ауруханасына көміртегі тотығымен орташа дәрежелі улануы диагнозымен бүтін бір отбасы түсті деген ақпарат келді. 5 баланың және аналарының жағдайы тұрақты. Олар дәрігерлердің бақылауында болды. Таңертең үйлеріне жіберілді. Көміртегі тотығымен улану мұржаның дұрыс тазаланбауынан болған.