Қазақстандық колледж түлегі әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды (ВИДЕО)

Қазақстандық колледж түлегі әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды (ВИДЕО)

Қазақстандық колледж түлегі әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қазақстандық колледж түлегі Дина Афанасьева WorldSkills Competition 2022 Special Edition әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды деп хабарлады turkystan.kz. Жарыс 9-17 қазан аралығында Оңтүстік Кореяда, Коян қаласында өтті. Отандасымыз «веб-технологиялар» құзыреті бойынша осындай жоғары нәтижеге қол жеткізді. Бұл - дүние жүзіндегі колледж студенттеріне арналған ең беделді жарыста алған Қазақстанның алғашқы медалі.
«Динаны жеңісімен құттықтаймын! Оның еңбегі, білімі мен табандылығы - еліміздің барлық колледж студенттеріне үлгі. Сондай-ақ әріптесім, елордалық колледж оқытушысы Айжан Зиядановаға студентінің тамаша нәтижесі үшін алғыс айтқым келеді. Алда Динаны жаңа жеңістер мен биік белестер күтіп тұрғанына сенімдімін», - деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.
Айта кетейік, жарыс 10 елдің 16 қаласында өтіп, 28 қарашаға дейін жалғасады. Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.