Жаңалықтар

«Ол кеткенде сенімділігім артты»: биылғы «Алтын доп» иегері Роналду туралы ойын айтты

ашық дереккөзі

«Ол кеткенде сенімділігім артты»: биылғы «Алтын доп» иегері Роналду туралы ойын айтты

«Реал» шабуылшысы Кәрім Бензема Франция астанасы Парижде «Алтын допты» жылдың үздік ойыншысына табыстау рәсімінде сөз сөйледі деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Ойыншы карьерасында тұңғыш рет аталмыш номинацияны иеленіп отыр. «Біз Роналду екеуміз 2009-2018 жылдары бір клубта ойнадық. Ол – өте талантты футболшы. Алайда Криштиану «Реалдан» кеткен кезде өзіме деген сенімділігім артты. Алаңда өзімді еркін сезіне бастадым. Мықты шабуылшы ретінде қалыптастым», - дейді ол.