Көкшетауда тұрғын үйге «бомба» қойған ер адам ұсталды

Көкшетауда тұрғын үйге «бомба» қойған ер адам ұсталды

Көкшетауда тұрғын үйге «бомба» қойған ер адам ұсталды
ашық дереккөзі
Көкшетауда тұрғын үйге бомба қойылғаны туралы хабарлап, жұртты дүрліктірген күдікті анықталды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазанның 17-сінде Көкшетау қалалық ПБ жедел басқару орталығының «102» желісіне белгісіз ер адам хабарласып, тұрғын үйдің аумағында жарылғыш құрылғы қойылғанын айтқан.
«Осыған байланысты айтылған үйдің аумағы қоршалып, тұрғындары эвакуацияланды. Жарылғыш затты іздестіру шараларына саперлер мен иісшіл иттер тартылды. Нәтижесінде жарылғыш зат табылған жоқ», - деді ведомстводан.
Департаменттің баспасөз қызметінен атап өткендей, полиция қызметкерлері бірден жалған хабар берген жергілікті тұрғынды анықтады.
«Мас күйде болған ер адам өзінің әрекетін «бомба» қойылған үйдегі дүкенде жұмыс істейтін, бұрын бірге тұрған әйелдің назарын өзіне аудармақшы болғанын айтып ақталмақшы болды. Қазірге кезде, Қылмыстық кодекстің 273-бабы «терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп толықтырды ведомстводан.