«БИІК-Шымкент» – әйелдер арасындағы футболдан Қазақстан чемпионы!
«БИІК-Шымкент» – әйелдер арасындағы футболдан Қазақстан чемпионы!
Шымкенттік «БИІК» еліміздің 11 дүркін жеңімпазы атанды деп хабарлады turkystan.kz.
Футболдан OLIMPBET-Қазақстан чемпионатындағы «Ордабасы» – «Шахтер» ойынының үзілісінде марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараға Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов қатысты.
Чемпионат қорытындысы бойынша үздік ойыншылар анықталды:
Үздік қақпашы – Оксана Железняк («БИІК-Шымкент»);
Үздік қорғаушы – Анастасия Власова («Оқжетпес»);
Үздік жартылай қорғаушы – Бибігүл Нұрышева («Томирис-Тұран»);
Үздік ойыншы – Гүлнара Габелия («БИІК-Шымкент»);
Үздік сұрмерген – Мари Жизель Нга Манга – 42 гол («Оқжетпес»).