Жаңалықтар

Маңғыстау тас жолында жолаушылар автобусы өртенді (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Маңғыстау тас жолында жолаушылар автобусы өртенді (ВИДЕО)

ТЖД диспетчер пультіне «Ақтау-Жетібай» автожолының Ақтаудан 30 шақырым жерінде Setra маркалы автобус өртеніп жатқаны жөнінде хабарлама түскен деп хабарлады turkystan.kz mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіру бөлімшесі келген кезде автобуста жолаушылар болмаған. Өртті сөндіруге ТЖД-нің 8 қызметкері мен 3 бірлік техникасы жұмылдырылды.