Жаңалықтар

АҚШ, Оңтүстік Корея, Түркия және Қазақстанда ғана бар көпірді білесіз бе?

ашық дереккөзі

АҚШ, Оңтүстік Корея, Түркия және Қазақстанда ғана бар көпірді білесіз бе?

Біздің бүгінгі әңгімеміз Семей қаласындағы аспалы көпір жайлы болмақ. Облыс әкімдігі аталған көпір жайлы қызықты деректерді жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Семей қаласындағы аспалы көпір 2000 жылы 17 қазанында салынған. Ертіс өзені арқылы өтетін көпір жобасын жапондық «Исикавадзима-Харима Хеви Индастриз Компани» компаниясы ұсынған. Мұндай көпірлер тек АҚШ, Оңтүстік Корея, Түркия елдерінде ғана салынған. Семей қаласының мақтанышы саналатын аспалы көпір ТМД мемлекеттерінің ішінде жалғыз, ал әлем бойынша көлемі жөнінен 17-орынды иеленеді. Аспалы көпір – қала өңірінің оң жағы мен сол жағын байланыстыратын теңдесі жоқ құрылыс нысаны. Бұл көпірден күніне 60-80 мыңнан астам көлік қаланың ана бөлігінен мына бөлігіне жүйткіп өтеді. Жаңа көпірдің құрылысы туралы шешім Үкімет қаулысымен 1998 жылы қаңтар айының 24-жұлдызында қабылданған. Көпір жер сілкінісіне төзімді етіліп жасалған. Көпірдің кеңістіктегі ұзындығы – 750 метр, ал жалпы ұзындығы – 1086 метр. Ені – 35 метр, биіктігі – 90 метр.