Жаңалықтар

Павлодар облысында жаппай төбелес болды (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Павлодар облысында жаппай төбелес болды (ВИДЕО)

Полицейлер жанжалға қатысушылардың бәрін ұстады деп хабарлады turkystan.kz. 16 қазанда сағат 00.54-те Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларын қарау кезінде инспектор Марал Артықбаева Усолка шағынауданындағы мейрамханалардың біріне қарама-қарсы жерде төбелес болып жатқанын байқады. Дереу көрсетілген мекенжайға автопатруль жіберілді. – Келген полицейлер жанжалдың барлық қатысушыларын ұстады. Олардың жеке басын анықтау және осы бұзушылықтың мән-жайын білу үшін Оңтүстік полиция бөліміне жеткізді. Сонымен қатар ұсақ бұзақылық жасағаны және тыныштықты бұзғаны үшін әрқайсысына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434 және 437-баптары бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материалдар сотқа жіберілді, – деді Павлодар қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.