Ресейде әскери ұшақ тұрғын үйге соғылды (ВИДЕО)

Ресейде әскери ұшақ тұрғын үйге соғылды (ВИДЕО)

Ресейде әскери ұшақ тұрғын үйге соғылды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Краснодар өлкесіндегі Ейск қаласында әскери ұшақ апатқа ұшырады. Ол тұрғын үйге құлаған деп хабарлады turkystan.kz Ресей қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. Ресей қорғаныс министрлігі Оңтүстік әскери округінің әскери аэродромынан оқу-жаттығу мақсатында әуеге көтерілген Су-34 ұшағы апатқа ұшырағанын хабарлады.
 «Ұшақ Ейск қаласында апатқа ұшырады. Апатқа ұшу кезінде қозғалтқыштардың бірінің тұтануы себеп болған» деп жазылған хабарламада.
Төтенше жағдай орын алған жерге Краснодар өлкесінің губернаторы Вениамин Кондратьев барды. Әзірге қаза тапқандар туралы ресми ақпарат жоқ.