Атырау облысындағы түрмеде «Ашық есік күні» өтті
Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті №75 мекемесінің шаруашылық қызметіндегі сотталғандар туыстарымен кездесті деп хабарлады turkystan.kz.
15 қазан күні осы мақсатта арнайы
«Ашық есік күні» өтті. Аталған іс-шараға жиырмадан астам отбасы қатысқан. Олар мекеменің тыныс-тіршілігімен, жақындарының тұрмыстық жағдайымен танысты.
Мекеме бастығы, әділет подполковнигі
Думан Нұрболатұлы Таженов жазасын өтеушілердің туыстарымен кездесіп, әрбір сотталғанға жеке-жеке тоқталып, қысқаша мінездеме берді.