Қасым-Жомарт Тоқаев Туға қатысты челленджге қолдау білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев Туға қатысты челленджге қолдау білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев Туға қатысты челленджге қолдау білдірді
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев актер және тележүргізуші Нұрлан Қоянбаевтың Instagram желісіндегі Мемлекеттік Ту бейнеленген челленджіне қолдау білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
Аталмыш челлендж 2020 жылы 25 маусымда жарияланды.
«Көк туымыз мәңгі желбірей берсін!» деп жазды Президент.
фото: ашық дереккөз Нұрлан Қоянбаев Президенттің қолдауына өз ризашылығын білдіріп, желіде жауап жазды.
«Достар, біздің жобамызды Президент қолдады! Біздің бастаған жобамыз - әлеуметтік желіде де бір ел, бір күш екеніміздің айғағы. Көк туымыз желбірей берсін! Президентімізге #respect !!!» деп жазды ол желіде.
Еске салсақ, продюсер Нұрлан Қоянбаев 2 жыл бұрын әлемдік рекорд орнату үшін Instagram парақшасында Қазақстан туының суретін жариялап, ерекше челленджді бастаған еді. Мақсат - Көк Ту бейнеленген суретке ең көп пікір жинап, әлемдік рекорд орнату. Қазір Қазақстан туының суреті бар Instagram-дағы бұл жарияланым 13 млн 894 мың 392 пікір жинады.