Аталмыш челлендж 2020 жылы 25 маусымда жарияланды.
«Көк туымыз мәңгі желбірей берсін!» деп жазды Президент.
«Достар, біздің жобамызды Президент қолдады! Біздің бастаған жобамыз - әлеуметтік желіде де бір ел, бір күш екеніміздің айғағы. Көк туымыз желбірей берсін! Президентімізге #respect !!!» деп жазды ол желіде.Еске салсақ, продюсер Нұрлан Қоянбаев 2 жыл бұрын әлемдік рекорд орнату үшін Instagram парақшасында Қазақстан туының суретін жариялап, ерекше челленджді бастаған еді. Мақсат - Көк Ту бейнеленген суретке ең көп пікір жинап, әлемдік рекорд орнату. Қазір Қазақстан туының суреті бар Instagram-дағы бұл жарияланым 13 млн 894 мың 392 пікір жинады.