Зульфия Чиншанло Азия чемпионатында үздік спортшы атанды

Зульфия Чиншанло Азия чемпионатында үздік спортшы атанды

Зульфия Чиншанло Азия чемпионатында үздік спортшы атанды
ашық дереккөзі
Манамада (Бахрейн Корольдігі) ауыр атлетикадан Азия чемпионаты аяқталды. Olympic.kz Қазақстан құрамасының нәтижесін жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Жалпыкомандалық есепте ерлер құрамасы 658 ұпаймен бірінші орын алды. Екінші және үшінші орындарды Өзбекстан (655 ұпай) мен Иран (631 ұпай) құрамалары бөлісті. Әйелдер құрамасы құрлық біріншілігінің «қоласын» жеңіп алды – 550 ұпай. Чемпионаттың үздік спортшысы болып Зульфия Чиншанло танылды. Әйелдер арасында Индонезия құрамасы көш бастап тұр (631 ұпай). Екінші орында Қытай Тайбэйінің командасы (580 ұпай). Құрлықтық біріншілікке барлығы 29 елден 186 спортшы қатысты. Қазақстан атынан 18 спортшы: 8 әйел және 10 ер адам бар. Айзада Мүптилда (+87 кг) – «алтын», Зульфия Чиншанло (55 кг дейін) – «алтын», Асылжан Бектай (89 кг дейін) – «алтын», Арли Чонтей (55 кг дейін) – «күміс», Арай Нұрлыбекова (76 кг дейін) – «күміс», Аиша Омарова (до 81 кг) – «қола», Артем Антропов (до 96 кг) – «қола», Любовь Ковальчук (+87 кг) – «қола», Нұрғиса Әділетұлы (96 кг дейін) – 4-орын, Рахат Бекболат (102 кг дейін) – 4-орын, Анатолий Савельев (67 кг дейін) – 4-орын, Бексұлтан Айтбай (73 кг дейін) – 5-орын, Ренат Баударбеков (81 кг дейін) – 5-орын, Айым Есжанова (87 кг дейін) – 5-орын, Кирилл Староверкин (89 кг дейін) – 7-орын, Карина Кузганбаева (81 кг дейін) – 7-орын, Дарья Балабаюк (49 кг дейін) – 8-орын, Өтепберген Әлиев (61 кг дейін) – 8-орын. Еске салсақ, бұған дейін Зульфия Чиншанло ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанғаны туралы хабарлаған болатынбыз.