Жаңалықтар

Абай университеті өкілдері Әзербайжанға іссапармен барды

ашық дереккөзі

Абай университеті өкілдері Әзербайжанға іссапармен барды

10-15 қазан аралығында «ЖОО-ның дамыту білім беру ортасы аясында  цифрлы білім беру платформасын жобалау» университеттің жобасын іске асыру аясында Педагогика және психология институтының өкілдері «Хазар» университетіне және Әзербайжан мемлекеттік педагогикалық университетіне іссапармен барды деп хабарлады turkystan.kz. Әзербайжан мемлекеттік педагогикалық университетінде психологиялық-педагогикалық және шығармашылық мамандықтар бойынша мамандарды даярлау бағыттарын зерделеу мақсатында ғылыми журналдар, Turksoy кафедрасы, бастауыш білім факультеті, спорт және мәдениет факультеті өкілдерімен кездесулер өтті. Сапар барысында тараптар өзара ынтымақтастық, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің академиялық ұтқырлығы, магистранттар мен докторанттарға ғылыми жетекшілік ету, бірлескен ғылыми қызмет және т.б. мүмкіндіктерді талқылады.