Ақмола облысында полиция тергеушісі жол апатынан көз жұмды

Ақмола облысында полиция тергеушісі жол апатынан көз жұмды

Ақмола облысында полиция тергеушісі жол апатынан көз жұмды
ашық дереккөзі
Жол-көлік оқиғасы 17 қазан күні Ақкөл қаласында болды. Салдарынан полиция бөлімінің тергеушісі қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz.
Toyota Carina маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Seat Alhambra маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Апат салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмып, шетелдік көліктің екі жолаушысы және екінші көліктің екі жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілген», - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
«Жол апаты қызметтен тыс уақытта, полиция қызметкерінің жеке автокөлігімен орын алған», - делінген хабарламада.