Жаңалықтар

Қазақстандық гимнаст Чехияда өткен Гран-приде қола жүлде алды

ашық дереккөзі

Қазақстандық гимнаст Чехияда өткен Гран-приде қола жүлде алды

Қазақстандық гимнастшы Сабина Бакатова Чехияның Брно қаласында өткен Гран-при жарысының кезеңінде жүлделі болды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Сабина Бакатова Чехияда көркем гимнастикадан өткен Гран-придің кезеңінде лентамен өнер көрсетіп, «қола» алды. «Алтынды» словениялық гимнастшы Екатерина Веденеева, ал «күмісті» франциялық Лили Рамоначо алды. 18 жастағы гимнастшы қыз халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Биыл наурыз айында ол Грецияда өткен танымал Афродита кубогі турнирінде қола медальды жеңіп алған болатын.