Астанада EXPO аумағында өрт шықты

Астанада EXPO аумағында өрт шықты

Астанада EXPO аумағында өрт шықты
ашық дереккөзі
Астанада EXPO аумағындағы кеңсе өртенді. Ақпаратты ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады деп хабарлады turkystan.kz halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап. Өрт сағат 16:22 шамасында Есіл ауданында Мәңгілік Ел даңғылы 53/2 мекен-жайында басталған.
- Бірінші қабаттағы кеңседе өрт шықты. Оқиға орнына дереу Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 40 адамы мен ТЖД 9 техникасы жіберілді. Сағат 16:44-те өрт оқшауланды, - деді Р. Иманқұлов.
Өрт сөндірушілер мұрағат бөлмесіндегі жиһаздар мен құжаттардың жалпы ауданы 40 шаршы метрге жуық өртенгенін анықтады.
- Сағат 17:19-да өрт сөндірілді. Бірақ біздің мамандар оқиға орнында өрттің қайта тұтануының алдын алу үшін жұмыс істеп жатыр, - деді Иманқұлов.
Астана қаласы ТЖД мәліметінше, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.