Қырғыздардың жүрек елжіретер оқиғасы түсірілген видео тарады

Қырғыздардың жүрек елжіретер оқиғасы түсірілген видео тарады

Қырғыздардың жүрек елжіретер оқиғасы түсірілген видео тарады
ашық дереккөзі
Бүгін Қырғыз Республикасының Тоқмок қаласындағы мал базарында жүрекке жылу ұялатар оқиға болды деп жазды turkystan.kz. Қария мал сатып алу үшін 120 000 соммен базарға келген. Қалта ұрыларының кәсібилігі соншалық, ақсақал қалай ақшасыз қалғанын өзі де байқамаған. Түңілген қарияны көрген қамкөңіл қырғыздар ұйымдасып, ақша жинауға кіріскен. Сол жерде жүргендердің бәрі қолдарынан келгенше ақшалай демеушілік көрсеткен. Көп ұзамай, атаға 115 500 сом жиналған. Бұл ақшаға олар жылқы сатып алуды ұйғарған. Осы сәт түсірілген видео интернетте тарап жатыр.