Астанада «HALAL EXPO-2022» халықаралық көрмесі өтеді
Астанада «HALAL EXPO-2022» халықаралық көрмесі өтеді
19-20 қазан күндері Астана қаласында ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен халықаралық «HALAL EXPO-2022» көрмесі өтеді деп хабарлады turkystan.kz.
Халықаралық көрмеде «QMDB Halal» сертификатын алған отандық және шетелдік кәсіпорындар өз өнімдері мен қызметін ұсынады. Бұл – халал индустриясындағы ең үздік көрме. Келушілердің халал өнімдердің түрлі ассортиментімен таныс болып, аталмыш өнімдерді тікелей өндірушіден нарықтық бағадан төмен алуға мүмкіндігі бар.
Ауқымды іс-шара елордадағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында өтеді.