Жаңалықтар

Қазақстан қоржынына жеңіл атлетикадан тағы бір алтын түсті

ашық дереккөзі

Қазақстан қоржынына жеңіл атлетикадан тағы бір алтын түсті

Қазақстандық спортшы Арина Гладышева Азия чемпионатында 3000 метрге жүгіруден алтын медаль жеңіп алды деп хабарлады turkystan.kz ҚР Жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол өз қашықтығында жүгіруден 10.09.76 уақытта келді. Бұл - Кувейттегі Азия чемпионатындағы Қазақстан қоржынына түскен екінші медаль. Бұған дейін ұлттық құраманың бірінші «алтынын» Сабрина Арзиева әкелген болатын. Ол 5000 метрге жүгіруден үздік атанды.