Жаңаөзенде бірін-бірі қуған полицейлер видеоға түсіп қалды

Жаңаөзенде бірін-бірі қуған полицейлер видеоға түсіп қалды

Жаңаөзенде бірін-бірі қуған полицейлер видеоға түсіп қалды
ашық дереккөзі
Полицейдің құқық бұзушының соңынан қуып бара жатқан видеосы желіде тарады деп хабарлады turkystan.kz. Lada.kz мәліметінше, қашып бара жатқан ер адам да полиция қызметкері болып шыққан. ІІМ бұл ақпаратты растайды.
«6 қазан күні сағат 12.00-де Жаңаөзен қаласының патрульдік полиция қызметкерлері жалған мемлекеттік нөмірлермен жүрген Toyota Crown автокөлігін тоқтатты. Осы факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша (Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Материал сотқа жіберілді», - деді ведомстводағылар.
Сонымен қатар қазіргі уақытта қызметтік тексеру жүргізілуде. Аталған қызметкердің іс-әрекетін тәртіптік комиссия қарастыратын болады.