Маңғыстауда бетон тіреу жұмысшыны басып қалды

Маңғыстауда бетон тіреу жұмысшыны басып қалды

Маңғыстауда бетон тіреу жұмысшыны басып қалды
ашық дереккөзі
Маңғыстау облысында жұмыс орнында ер адамды бетон тіреу басып қалып, салдарынан жұмысшы қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап. Көліктегі полиция департаментінің хабарлауынша, 14 қазанда Маңғыстау облысындағы «РЖД-14-РЖД-15» желісінде жұмысшы кабельдерді тарту жұмыстарын жүргізу кезінде қаза тапқан. Қазір аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы («Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу») бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілуге жатпайды. Еске сала кетсек, бұған дейін Жамбыл облысында ер адам жұмыс орнында алған жарақаттан көз жұмғаны туралы хабарлаған болатынбыз.